ЭКСПО-2017 • 29 Мамыр, 2017

EXPO-2017 кезінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының күні өтеді

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бейжіңдегі штаб-пәтерінде EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіндегі ШЫҰ павильонының ресми таныстырылымы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

EXPO-2017 кезінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының күні өтеді

Салтанатты шараға ШЫҰ бас хатшысы Рашид Алимов қатысты. Ол штаб-пәтердің қонақтарына павильонның қызметі туралы толығырақ ақпарат беріп, ШЫҰ өз тарихында алғаш рет халықаралық көрменің жұмысына қатысып жатқанын атап өтті.

Бас хатшы көрме жұмысының басталу мерзімі ШЫҰ-ға мүше-елдердің басшылары кеңесінің отырысымен тұспа-тұс келетіндігін атап өтті.

«Болашақ энергиясына арналған EXPO-ның тақырыбы ШЫҰ «Шанхай рухы» энергиясымен тұтасып тұр», деп мәлімдеді Рашид Алимов.

Сондай-ақ, дипломат ШЫҰ павильонының жұмысы барысында Ұйым қызметінің түрлі аспектілеріне арналған іс-шаралар өтетіндігін хабарлады.

«Біз EXPO басшылығымен көрме аясында 27 тамыз «ШЫҰ күні» ретінде аталып өтетіндігі жөнінде келісім жасадық. Дәл осы күні Астанада ШЫҰ халықаралық марафоны өтеді, оған 5 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Алда өте маңызды бағдарлама тұр, осыған орай баршаңызды Астанадағы ШЫҰ павильонына шақырамын», деп түйіндеді ұйымның бас хатшысы.