Әлем • 29 Мамыр, 2017

ТМД-ның үздік курорттарының бестігі жарияланды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТурСтат агенттігі ТМД мен Грузияның осы жылғы ең танымал сауықтыру курорттарының рейтингін жариялады. Үздік бестіктің қатарына еліміздегі Сарыағаш курорты кірді. Бұл туралы turstat.com хабарлады.

ТМД-ның үздік курорттарының бестігі жарияланды

ТМД мен Грузияның сауықтыру курортының алғашқы бестігіне Әзербайжанның, Беларусьтің, Қазақстанның, Арменияның, Аджарияның бальнеологиялық курорттары кірді. Рейтинг қонақ үйлерді онлайн-брондау жүйесінің негізінде жасалды.

ТМД мен Грузияның ең үздік сауықтыру курорттарының бестігі:

Нафталан (Әзербайжан)
Нарочь (Беларусь)
Сарыағаш (Қазақстан)
Джермук (Армения)
Кобулети (Аджария)

Айта кетейік, тұру, тамақтану және сауықтыру процедураларын есептегенде, аталған орындарда демалудың орташа құны – бір адамға тәулігіне 42 доллар, яғни 13 100 теңге. Демалыс ұзақтығы орташа есеппен – 14 күн.