Қазақстан • 29 Мамыр, 2017

ЭКСПО-ның гид-экскурсоводтары 11 тілде сөйлейді

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрмеге 150 кәсіби гид-экскурсоводтар дайындалған. Олардың барлығы оқыту, қонақжайлылық таныту бойынша тренингтерден өткен және 11 тілді еркін меңгерген, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігі медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында «Астана Конвенш Бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков.

ЭКСПО-ның гид-экскурсоводтары 11 тілде сөйлейді

-Таңдау байқау бойынша жүргізілді. Біз оларды тіл білуге оқытпадық. Тек шет тілін жетік білетіндерді ғана алдық, - дейді А.Адамбеков. Оның сөзінше, негізінен гид-аудармашылардың басым бөлігі 6 тіл біледі, алайда арасында 11 тілде сөйлей алатын полиглоттар бар. Негізінен қытай, түрік, ағылшын, жапон, француз, корей, испан және өзге де тілдерді меңгерген. 

- Яғни, егер шетел туристеріне түсіндіру керек болса, олар көмектеседі, - дейді А.Адамбеков. Сонымен қатар Астана тарихы, көрікті жерлері туралы айтып беретін жол көрсетушілер жұмыс істейді.

- Бұдан бөлек, біз аймақтармен тығыз байланыстамыз. Егер оларға гид қажет болса, біз көмектесеміз. Олар туристерге Астана туралы барлық ақпаратты айтып бере алады, - дейді «Астана Конвенш Бюро» ЖШС директорының орынбасары.