30 мамыр соңғы дайындық жұмыстарын пысықтау және 1 маусым шеру өтетін күні келесі бағыттар бойынша жол жабылады: Қала әкімдігі ғимараты алдындағы алаң - Абай көшесі - Республика даңғылы - Кенесары көшесі - Бейбітшілік көшесі - қала әкімдігі ғимаратының алдындаға алаң.
1 маусымда елорда көшелерімен халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді.
Іс-шара аясында 4000 мыңнан астам қатысушылар: барабаншылар, үрмелі оркестр және ансамбльдер, әскери киім киген қолдаушы топ, қаланың жастар және балалар хор және би ұжымдары елорда көшелері мен даңғылдары арқылы жүріп өтеді.
Шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылады. 1 маусымда бір уақытта сағат таңертеңгі 11-де еліміздің барлық аймақтары және Астана мен Алматы қалаларында өтеді. Елордада салтанатты шеру Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.