Қазақстан • 29 Мамыр, 2017

Димаштың концертіне билеттердің жартысы сатылып кетті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 маусымда ЭКСПО аясында Астана-Арена стадионында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді.

Димаштың концертіне билеттердің жартысы сатылып кетті

Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қоғамдық кеңес алдындағы есеп беру кездесуі кезінде айтты.

«Қазірдің өзінде он бес мың билет сатылып кетті. Стадион отыз мың адамға арналған. 27 маусымға дейін барлық билеттердің сатылатынына күмәніміз жоқ» деді министр.

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада өзі жауапты салалар бойынша есеп беріп жатыр.

Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан»