Ислам туризмі нарығы әлемдегі болашағы зор саланың бірі болып табылады. 2020 жылға дейін сарапшылардың болжамы бойынша, xалал туризм нарығындағы туристер саны 150 млн.ға дейін, ал алдағы 5 жылда 200 млн. туристке дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Дубайдағы соңғы Arabian Travel Market көрмесіндегі Amadeus компаниясының есебінде баяндалды. Естеріңізге сала кетсек, Астана Конвеншн Бюро Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасымен бірге мұсылман-туристерге арналған "Halal friendly" жобасы іске қосылған болатын. Бұл бағдарлама қалаға келетін саяxатшы мұсылмандарға арналған қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Қонақ үйлер тізімімен төмендегі кесте арқылы танысуға болады.