Қабабанбай батыр даңғылында орналасатын ботаникалық бақтың құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Қазіргі таңдакөгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
-Бұл жерде жабық оранжерея, жасанды су тоғаны, жүгіру мен велосипедке арналған жолдар болады. Оранжереяда экзотикалық өсімдіктер және пальманың 55-ке жуық түрлері өсіріледі, - деді Б.Бектемісова.
Бұдан бөлек, Астананың климаттық жағдайына сай ағаштар мен бұталардың жаңа түрлерін өсіру мен баптауға байланысты түрлі тәжірибелер өткізіліп, оқу- ағартушылық және экологиялық шаралар арқылы ботаникалық бақ ғылыми зертханаға айналмақ.
-Жыл соңына дейін ботаникалық баққа 35 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстанда ешқашан өсірілмеген Еуропадан 600 түп ағаш түрлері әкелінеді, - дейді Бектемісова.
Ботаникалық баққа Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары жыл бойы келіп, тамашалай алады.