Аймақтар • 29 Мамыр, 2017

Қарағандылық оқушылар «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» музейіне экскурсияға барды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда балалар-жасөспірімдер клубтарының оқушылары Долинка кентіндегі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайына экскурсияға барды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қарағандылық оқушылар «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» музейіне экскурсияға барды

Музейдің экскурсия жүргізушілері тарих пен ҚарЛАГ тұтқындары туралы әңгімелеп, экспозициялық залдар саяси қуғын-сүргіннің түрлі кезеңдерінің тарихын ашты.

Патриоттық сезімдерді және халықтың тарихи өткенге құрметті тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға жүзге жуық оқушы қатысты.

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні бүкіл ел көлемінде совет билігі кезінде жазықсыз ату жазасына кесіліп опат болған, түрме азабын тартқан, қудалауға ұшырағандарды еске түсіруге арналған шаралар өткізілді. Ресми деректер бойынша, саяси қуғын-сүргін жылдары төрт миллионға жуық қазақстандық зардап шеккен.