Қазақстан • 29 Мамыр, 2017

Қостанайда Ravon Nexia R3 жеңіл машинасы шығарыла бастады

803 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстандағы жеңіл машиналар өндіретін, экспорттайтын «GM Uzbekistan» және қазақстандық автокөліктер өндіретін AllurGroup компаниялары Ravon Nexia R3 моделін Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында шығаруды бастады.

Қостанайда Ravon Nexia R3 жеңіл машинасы шығарыла бастады

Қазақ-өзбек бизнес форумы аясында «GM Uzbekistan» акционерлік қоғамы мен «СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  арасындағы келісімнің қорытынды сатысына өту туралы хабарланған болатын. General Motors Korea мамандары жүргізген аудит қорытындысы бойынша Қостанайдағы «СарыаркаАвтоПром» зауытының өндірістік  алаңы сапа стандарттарының барлық талабына жауап береді. Осылайша, Өзбекстан мен Қазақстан машина өндірушілері арасындағы әріптестік қатынас дамудың жаңа деңгейіне көтерілді.

Ravon Nexia R3 маркасы зауыттың қазіргі қуатында өндіріледі. Келісімнің келесі сатысында  автомобиль өндірісінің желісі кеңейтіледі. Бюджеттік автомобильдер арасында Ravon Nexia R3 қазір тұтынушылар назарын аударып отыр. Қазақстанда құралғандықтан бұл көлік  несие жеңілдігі бар бағдарламаға да ілінеді. 2017 жылдың 4 айында  қазақстандықтар сұранымына ие болу жағынан автомобильдер арасында көш бастап тұр. Ол сапалы машинаның  қолжетімді бағасына да байланысты.  Машина Қазақстан нарығында  көптеп сатылатын болады.

Нәзира Жәрімбетова

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ