Қазақстан • 29 Мамыр, 2017

Астанада дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Еуразиялық топтың (ERG) бастамасымен «Экологиялық десант» акциясы ұйымдастырылды. Акция бір мезетте еліміздің бірнеше аймақтарын қамтыды.

Астанада дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті

 Кеншілер, металлургтер, энергетиктер және өзге де мамандық иелері су тоғандарының жағажай аумақтарын тазалады. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары мен Астанада шабақтарды суға жіберді.

Елордалық белсенділер Вячеслав су қоймасына барып, жағажайын тұрмыстық қалдықтардан арылтты және тұқы мен басқа да балық түрлерінің 70 мың шабағын суға жіберді. Тізе бүгіп демалатын орындықтар мен қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға шақыратын ақпараттық тақтайшалар орнатылды.

- «Экологиялық десант ERG» акциясын өткізуде біз Қазақстан су қоймаларына келетін барлық тұрғындарды қоршаған ортаны аялауға шақырамыз. Өйткені табиғатты сақтау әрбірімізден басталады. Еуразиялық топ таза мемлекет ұранын ұстанады. Жағымды қоршаған орта қалыптастыру жауапкершілігі барлық аймақтарда орналасқан біздің компанияның тұрақты дамуының негізі болып табылады. Біз өмір сүру сапасын және адамдардың денсаулығын жақсартуға үлес қоссақ дейміз, - дейді Еуразиялық топтың өндіріс бойынша басқарма төрағасының орынбасары Роман Денискин.

Соңғы жаңалықтар