Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады, кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін салқын болады.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.