Аймақтар • 30 Мамыр, 2017

«Атырауагроөнімдері» балмұздақ шығаруды қолға алды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ешкі сүтінің дәруменге бай, адам ағзасына өте пайдалы екені белгілі. Осыны ескерген атыраулық кәсіпкер Владимир Розметов балмұздақ шығаруды қолға алды.

«Атырауагроөнімдері» балмұздақ шығаруды қолға алды

Ол басқаратын «Атырауагроөнімдері» шаруа қожалығына қарасты асыл тұқымды ешкі зауытындағы «Заанен» ешкілерінің саны қазір бір мыңнан асады. Өндіріс процестері қазіргі заманғы технологияларға негізделген «Сарайшық» зауытында ешкі сүтінен 15 түрлі өнім өндіріледі. Айран, сүзбе, ірімшік, құрт, май, йогурт секілді жеңсік астардың қатарына енді балмұздақ та қосылды.

«Емдік қасиеті жағынан ана сүтін алмастыра алатын ешкі сүтінен балаларға балмұздақ жасау туралы ой келді. Ол үшін қажет жабдықтарды Германиядан алдық. Облыстағы сауда орындарында «Сарайшықтың» өнімдеріне сұраныс жоғары», дейді кәсіпкер.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»