Шара негізінен еліміздің озық отыз елдің қатарына кіру және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру бағытындағы міндеттерін межелеу мақсатында қолға алынған. Мониторингке сәйкес, шет ел қаржысынан демеушілік алған заңды және жеке тұлғалар 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдарына ақшаны алғаны туралы хабарлауға және одан әрі тоқсан сайын есеп беруге міндетті.
Негізгі тәртіп бойынша, есептілікті табыс етудің бірінші кезеңі (Ф.017.00) 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылса, ал екінші кезең «018.00» – тоқсан сайын жүргізіледі. Бұл екінші айдың 15-інен кешіктірілмеуі тиіс. Мұнда ақшаның немесе мүліктің жұмсалған сомасы туралы есеп берілуі керек. Яғни, 1 теңгеден асатын сомада жасалған мәмілелер, қызмет түрлері көрсетіледі. Атап айтқанда, азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсету, соның ішінде құқықтық ақпараттандыру, кеңес беру, мүдделерін қорғау; зерттеу және сауалнама жүргізу (қоғамдық пікірді, әлеуметтік сауалнамаларды қоспағанда, коммерциялық мақсатта жүргізілетін сауалнамалар), сондай-ақ, олардың нәтижелерін тарату және орналастыру; жинау, талдау және ақпаратты таратуда коммерциялық мақсатта көрсетілген қызметті жүзеге асыру.
Мәліметтер тұрғылықты жері немесе орналасқан жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына қағаз және электронды тасымалдау арқылы жіберіледі. Шет елден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша немесе өзге де мүлік толық жұмсалған соң, мәлімет беру толық тоқтатылады.
Ал ақшаны алғаны туралы хабарлау талабын елемеген жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қосымша ақпарат алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына немесе мына телефонға хабарласуға болады: 8 (717) 2 37-92-89. 87474598764.
Қуаныш НҰРКЕН,
Астана қаласының Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы