Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевпен кездесу барысында өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы әңгіме болды. Қ.Көшербаев шетелдік инвесторларға ұсынылатын преференциялар мен жеңілдіктер туралы айтып берді.
«Біз әрқашанда шетелдік инвесторлармен және қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық байланыс орнатуға ынталымыз. Инвестордың қосқан үлесі нақты іс-қимылмен, атап айтқанда өндіріс, еңбекпен қамту және жұмысшыларды әлеуметтік қорғау шаралары арқылы бағаланады», деп атап өтті облыс әкімі.
Сонымен қатар, осы күні елшілер инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жиынға қатысып, Қызылорданың көрікті жерлерін аралады.