Аймақтар • 30 Мамыр, 2017

Ұша білер қанатқа дүние кең

215 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні барша қа­зақ­стандықтар үш сатылы жаңғыру ке­зеңінің бас­тауында тұр­­ғандай көрі­неді.

Ұша білер қанатқа дүние кең

Мұ­ның біріншісі эко­­но­микалық жаң­ғы­ру, соның ішінде эко­­номиканың же­де­­л­детілген тех­но­­ло­гиялық жаң­ғыр­ты­луы екені белгілі. Бұл жө­нін­де республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қа­зақстан хал­қына Жолдауында жан-жақ­­ты айтылған. Жаңғырудың ке­лесі кезегі саяси жаңғыруға ұла­с­а­ды. Мұ­ның жарқын мыса­лы би­лік тар­мақтарын бөлісу жө­нін­д­егі Елбасы Үн­деуіне орай қа­былданған шешім деп білеміз. 
Енді рухани жаңғыру жайлы қалай болады екен деп елең­деп жүргенімізде басылым бет­терінде республика Пре­зи­ден­ті Нұрсұлтан Назар­ба­ев­тың «Бо­ла­шаққа бағ­дар: рухани жаң­ғы­ру» атты бағ­дарламалық ма­қа­ласы жарқ ете түсті. Біз осы бе­рері мол, айтары асқақ кемел дү­ние­мен танысқан кезде бұған дей­ін іздеп жүрген асылымызды тапқандай, жоғалтқанымызды түгендегендей күй кештік. Мұнда ру­хани жаңғыру жолдарының бар­лық қырлары мен сырлары­на қатысты терең талдаулар мен пай­ымдаулар жасалған. Со­ны­мен бірге, бұл бағытта ал­да­ғы ат­қарылатын міндеттер тай­ға таң­ба басқандай сараланып, кө­р­-
сетілген. Мен солардың іші­нен бір мәселеге қатысты өз ой-пікірімді білдіргім келеді. 
Мұның өзі Мемлекет басшысы ма­қа­ласының алғашқы бө­лігіндегі ХХІ ғасырдағы ұлт­тық са­на туралы айтқан тағылымды тол­ғаныстарынан туындайды. Ма­­қаланың осы бірін­ші бөлігінің бет­ашар парағы бәсе­келік қа­бі­лет мәселелеріне арналып­ты. Рас, Нұрсұлтан Назарбаев бә­се­­кеге қабілеттілік жөніндегі ой-тұжы­рым­дарын, оның елі­міз­дің экономикалық тұр­ғыда да­муындағы алатын орасан зор рө­лін бұған дейін де айтқаны, са­на­ларға сіңіргені белгілі. Ал қазір біз бұл түсінікке екінші бір қырынан қанық­қандай болдық. Абайлап, аңдап қарасақ, бәсекеге қабілеттілік тек экономикалық категория ғана емес, сонымен бірге рухани жаңғыру мәселелерінде де жетекші орын алады екен. Елбасы мақаласынан біз осыны ұқтық. Оның қажеттілігін көңілге мұқият түйдік. 
Болашақта ұлттың табыс­ты болуы, оның табиғи бай­лы­­­ғы­мен емес, адамдардың бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады деп атап көрсетеді Мем­лекет басшысы. Айна-қа­те­сіз шындық. Дүниеде шаң қауып қалудан артық дәр­­менсіздік бола қой­мас, сірә. Шын­ту­айтына келгенде, осы бәсекелік қабілет ұғымы ел-жұртымыз бен халқымыз үшін тек соңғы кезде пайда бол­ған қағида десек, қателесуіміз мүм­кін. 
Біздің дана бабаларымыз өз ұр­пақ­тарын алға талпынды­ра да білген, ұмтылдыра да біл­ген ғой. Маған осындай ұлы мақ­сат­тың өрісін Мемлекет басшысы рухани жаңғыруға қатысты ма­қаласында тың, жаңаша бір қы­рынан толықтырғандай болады да тұрады. Мұны Елбасы  атап көрсеткендей, ХХІ ғасырға ла-
й­ықты қасиеттерге ие болу ұғы-
м­ын­ан айқын аңғара аламыз. Бұл де­геніңіз, мақалада көр­се­тіл­гендей,  компьютерлік сау­ат­ты­лық, шет тілдерін білу, мә­де­ни ашықтық секілді факторлар екені тағы да талассыз. 
Біз ХХІ ғасыр талаптарына сай болу деген ұғымды қа­лай түсініп жүр­міз. Бұл сауа­л­-
дың жауабын да Пре­зи­де­нт мақаласынан таба аласыз. Яғ­ни, мұның өзі «Цифрлы Қа­зақ­стан», «Үш тілде білім бе­ру», «Этно­с-
а­ра­лық жә­не конфес­сияаралық ке­­лісім» секіл­ді мем­ле­кеттік бағ­дарламалардың ти­гі­зе­тін ша­па­ғатын әрбір қазақ­стан­дық бо-
й­ы­­на сіңіре білуі деген сөз болып шық­пай ма? Әлбетте солай болса керек. 
Әлемге танымал саясаткер Мар­гарет Тетчердің: «Еш­бір табиғи бай­лық­тарсыз да мем­лекетті қуатты етуге болады. Елдің басты байлығы – адам. Мем­лекет тек сол адамдардың та­лантын ашудың негізін жасау керек», деген ұлағатты сөзі бар екен. Бұл ойлы пікір де Қазақстан Президентінің мақалада айтқан сө­зімен үндесіп жатқандай кө­рі­неді. Сөзімді түйіндей келе айта­рым, Мемлекет басшысының жү­ректен шыққан сөзі жүрек­тер­ге жеткені анық. Яғни,  Пре­зиденттің рухани жаңғыруға қа­тысты мәнді де мағыналы ма­­қаласы сонысымен құнды, сонысы­мен бағалы демекпін. 

Айгүл ДҮЙСЕНОВА,

Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

АҚТӨБЕ