Мәдени шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығы және Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастардың
25 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Шақырылған қонақтар арасында Грекияның белді қоғам және сая-
си қайраткерлері, дипломатиялық корпус, іскер және мәдениет өкілдері, Ахарнэ қаласы мэриясының басшылығы, сонымен қатар, бұрынғы қазақстандықтар – отандастарымыз көп болды.
Қазақстан елшісі Алексей Волков фильм басталмас бұрын өз алғы сөзінде, Қазақстан мен Грекия арасында орнатылған дипломатиялық қатынастардың 25 жылы ішінде халықтарымыздың бір-бірі-
не жақындай түскенін, Шымкент шаһарының бауырлас Ахарнэ қаласымен арада тығыз достық көпір орнағанын» айрықша атады. Ахарнэде көптеген бұрынғы отандастарымыз тұрады.
Қазақстан елшісі елімізде болып жатқан елелулі өзгерістер жайлы, атап айтқанда, Қазақстан Президенті Н.Назарбаетың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы, сонымен қатар, «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі басымдықтары туралы баяндап берді.
Көрсетілімнен соң қонақтар дастарқаннан дәм татып, Қазақстанның Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ең үздік сурет туындылары ұсынылған бейнелеу өнері көрмесімен танысты.
Афинада Қазақстанның Грекиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен отандық «Анаға апарар жол» тарихи драмасының көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы елшілігі.
Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 19:45
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Бүгін, 19:30
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Бүгін, 19:00
Мемлекет басшысы Ынтымақ ауылындағы мектепті аралап көрді
Президент • Бүгін, 18:21
Биыл Жетісу облысында 250 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген
Президент • Бүгін, 17:48
Президент «Талдықорған» индустриялық аймағына барды
Президент • Бүгін, 17:36