Аймақтар • 30 Мамыр, 2017

Еңбек заңдылығын елемейтіндер көп

276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Он шетелдік маманды жұмысқа алған мекеме сонша отандық қызметкерді еңбекпен қамтуы тиіс. Бірақ заңның тап осы талабы үнемі орындала бермейді. Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жыл басынан бері тексеру жүргізген төрт мекеменің төртеуінде де кемшілік анықтаған.

Еңбек заңдылығын елемейтіндер көп

Басқарма басшысы Игі­лік Әубәкіров: «Рұқсат ал­ған шетелдік азаматтар жұмысқа орналасқан кез­де құжат бойынша ин­же­н­ер-механик болып көр­се­тіл­генмен, атқаратын лауазы­мы мен білімі туралы құ­жа­ты сәйкес келмейді. Ал әлгі ме­кеме түрлі сылтауларды алға тартып, жергілікті жұ­мыс­­шыларды қызметке қа­был­дамайды. Тіпті,  рұқсат ал­мастан емін-еркін еңбек етіп жүргендер бар. Тексеріс қорытындысында турист бо­лып келіп, нәпақа тауып жүр­гендерге шара қол­да­ныл­ды. Былтыр 32 млн тең­ге­ден астам айыппұл салынды. Рұқсат беру комиссиясына кемшілік анықталған ком­панияларға бір жыл бой­ы шетелдік жұмыс күшін та­р­­туға келісім бермеу жө­нін­де ұсыныс жолдадық», − дейді. 
Басқарма өткен жылы 503 тексеру жүргізіп, 775 заң бұзушылықты ашқан. Жұмыс кезінде жазатайым жағдайдан зардап шегу­ші­лер саны да азаяр емес. Би­ылғы төрт айда үш адам оқыс оқиға салдарынан өмір­мен қоштасыпты. Игі­лік Айдарұлы  жұмыс беру­ші­­лердің қауіпсіздік та­лап­­тарын сақтамайтыны осын­дай өкінішті жайттарға әкелетінін айтады. Мысалы, жақында шетелдік жас жі­гіт құрылыста жүріп мерт бол­ды. Тексере келгенде, оның жұ­мыс істеуге рұқ­са­ты да, ең­бек шарты да жоқ­ты­ғы анық­талды. Кей­бір компа­ния­лар үшін бұл ти­імді: шетелдік азаматты жұ­­мысқа тартқаны үшін ең­бек шартын жасамайды, са­лық төлемейді, есесіне, жа­ла­қысы да аз. 
Жыл басынан бері облыс­та бес мекеменің шетелдік жұ­­мыс күшін тартуда заң та­л­аптарын сақтамай отыр­ға­ны белгілі болды. Әсіресе, рек­­рутингтік компаниялар­да заң бұзушылық көп бай­қа­ла­ды екен.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ