Соның бірі − авторлық ойыншықтардың аукцион-көрмесі. Көрмеге Семейдегі танымал 9 қуыршақ шебері өз қолдарымен жасаған 50-ге жуық ойыншық ұсынды. Олардың жартысы қайырымдылық аукционында сатылды. Инесса Макишева, Ажар Дүкімбаева, Маргарита Редхер, Анастасия Южакова, Бақытжан Шапенова, Рысбике Зәкерханова, Фарида Өмірбаева, Наталья Мануленко жасаған қуыршақтарға халық дән риза болып, шексіз алғыстарын білдіреді.
Қуыршақпен ойнамайтын бала жоқ. Музей қызметкерлерінің айтуынша, қуыршақтың пайда болу тарихы көшпенділерден бастау алады. Көшпенділер деп отырғанымыз − сақтар, ғұндар, үйсіндер. Ерте заманда қуыршақты сазбалшықтан, тері пұшпағынан, ағаштан, сүйектен жасаған. Осыдан мың жыл бұрын балалар қуыршақпен ойнаса, қазір де солай ойнайды. Бірақ техниканың, экономиканың дамыған заманында қуыршақтар былғарыдан, пластмассадан, резеңкеден жасалып, оларға түрлі пішіндер беріледі.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
Семей
Суретті түсірген автор