Шара саяси репрессия кезінде дүниеден өткен, зардап шеккен қазақстандықтарды еске алуға арналған бір минут үнсіздікпен басталды.
- Мемлекет басшысы қоғамдық сананы жаңғырту туралы айта отырып, тарихи естеліктің рухани жаңғырудың ажырамас механизмі болатын «тарих пен ұлттық дәстүр халықтың өткенін, бүгіні мен келешегін жалғайтын тұғырнама болып табылады» деп атап өтті. Бүгінгі жаппай саяси репрессияның құрбаны болған адамдарды еске алу шарасы Қазақстан тарихының трагедиялық беттерін еске түсіруге мүмкіндік береді. Біздің алдымызда тарихи естеліктер феноменін сақтау мен баға беруге жаңа тәсілдерді енгізу туралы міндеттер тұр. Ашаршылық және саяси репрессиялар, жер аудару құрбандарын еске алу әрбір заманауи маңғыстаулықтың қоғамдық санасының жаңғыруымен өткізілген іргетасының қалыптасуында едәуір үлес болып табылады, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Шарада тарих ғылымдарының докторы, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Эльвира Абланова, корей этномәдени бірлестігінің өкілі, репрессиядан зардап шеккен Эхман Ким, өлкетанушы және Маңғыстау облысының құрметті тұрғыны Қойлыбай Қаражанұлы, «Вайнах» шешен және ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Магомед Чучаев, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг универститетінің студенті Эльмира Агаевалар рухани жаңғырудағы тарихи мұралардың сақталу маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АҚТАУ.