Қ.Айтуғанов бүгінгі таңда көктемгі-дала жұмыстары 85%-ға аяқталғанын айтты. Көктемнің кеш келуіне қарамастан, қарқын өткен жылғы деңгейде, ал жекелеген өңірлер бойынша 2016 жылмен салыстырғанда жоғары екен. Ал ағымдағы жылы сұранысқа ие дақылдар егісіне арналған алқаптар 932 мың га-ға артқан.
Астық сапасын арттыру үшін Ауыл шаруашылығы министрі бірегей және элиталық тұқымдарды, сондай-ақ минималды нормаларды қолданусыз басымдықты дақылдардың бірінші көбейтілген тұқымдарын және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын субсидиялауды қалпына келтірді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы тұқым шаруашылығын субсидиялауға 2016 жылға қарағанда 3,2 есе көп қаражат қарастырылған.
Динара Бiтiкова
"Егемен Қазақстан"