Қайрат Айтуғановтың мәліметінше, бүгінгі таңда көктемгі-дала жұмыстары 85%-ға аяқталған. Көктемнің кеш келуіне қарамастан, жұмыс қарқыны өткен жылғы деңгеймен тең, ал жекелеген өңірлер бойынша 2016 жылғы деңгейден жоғары.
«Нәтижесінде, талап етілетін дәнді-дақылдар ауданы 932 мың гектарға кеңеюде. Соңғы жылдары астық сапасының жыл сайын төмендеуі байқалады. Бірінші, үшінші класқа жататын астық көлемі 2011 жылы - 88%, 2016 жылы 45% құраған, осы ретте 4 және 5 класқа жататын төмен сапалы астық көлемі керісінше 2011 жылғы 10%-дан 2016 жылғы 41%-ға дейін ұлғайған», - деді бірінші вице-министр.
Осыны ескере отыра, министрлік бірқатар шаралар қабылдады.
«Тұқым шаруашылығын субсидиялауға 7,7 млн теңге көзделді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3,2 есе артық. Осы ретте, әкімдіктер бастапқыда 3,7 млрд теңге бөлген болатын, бұл қажетті қаражаттан 56%-ға аз. Әкімдіктермен жұмыс жүргізу қорытындылары бойынша қосымша 4 млрд теңге бөлінді. Бұл ағымдағы жылы сапалы тұқым себу көлемін 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. Инвест-субсидиялау бағдарламасы тұқым шаруашылығын дамыту үшін заманауи тұқым өсіру техникасы енгізілді», - деп атап өтті спикер.
Қайрат Айтуғановтың айтуынша, тауар өндірушілерді сапалы тұқым пайдалануға міндеттейтін заңнамалық норма және осы талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделіп отыр.
Бұдан бөлек, тыңайтқыштарды пайдалануға ынталандыру мақсатында бірқатар тәсілдер қабылданды, олар тыңайтқыштарды пайдалану көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
«Тыңайтқыштарды субсидиялауға 13 млрд теңге бөлінді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артық. Нәтижесінде, тыңайтқыштарды пайдалану күрт артты. 407 мың тоннаға өтінім берілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық. Субсидияланған тыңайтқыш түрлері 2016 жылғы 85-тен 2017 жылғы 161-ге дейін өсті. Бүгінде 200 мың тонна алынды», - деді Қ. Айтуғанов.
Сондай-ақ, бүгінгі күні егіс алқаптарын әртараптандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ол үшін министрліктер мен әкімдіктер арасында 2021 жылға дейінгі меморандумдарға қол қойылды. Нәтижесінде, талап етілетін дәнді-дақылдар ауданы кеңеюде.