Аймақтар • 30 Мамыр, 2017

Еңбек нарығын түрлендіру мәселесі сөз болды

255 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында өткен аппараттық кеңесте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының еңбек нарығын түрлендіруге бағытталған жоспарлары талқыланды.

Еңбек нарығын түрлендіру мәселесі сөз болды

Еңбек нарығын түрлендіру туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова баяндады. Жоба 8 бағыттан тұрады. Олар аймақ экономикасының әртараптануы және адами ресурстардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, «Ақтау теңіз порты» АЭА, индустриалды аймақтың тиімді дамуы, инфорақұрылымның бәсекеге қабілеттілігі, мұнай-газ саласындағы жұмыс күшінің өңдеуші және құрылыс саласына өтуі, ауыл шаруашылығы дамуы үшін әлеуетті пайдалану, қоғамдық сананы түрлендіру, еңбек нарығындағы нақты сұранысқа сай кадрлар дайындау жүйесін жаңғырту, құрылыс индустриясын дамыту, еңбек ресурстарының аймақ ішілік және аймақаралық тұтастығын арттыру.

- Бүгінгі күннің өзінде аймақ ішінде Ақтау қаласы, Түпқараған және Қарақия аудандары өсу нүктелеріне көшу есебінен бірқалыпты орналастыруды қамтамасыз ету бойынша алдын-алу шараларын қабылдау керек. 8 блок біздің барлық әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігімізді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бірқатар ұсыныстар да бар. Мысалға, «Ақтау теңіз порты» АЭА деңгейін логистикалық деп өзгерту керек. Бұл аймақ аумағындағы логистиканың даму қозғалысын береді. Сонымен бірге, индустриаландыру аймағы базасында кадрлар дайындауға, жастармен кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізуге мүмкіндік беретін Дағдылар мен біліктілікті дамыту орталығын құруды ұсынамыз. Сонымен қатар, Маңғыстау экономикалық кеңесінің жұмысын жаңарту, білім берудің жаңа үлгісін қамтамасыз ететін білім беру ортасын кәсіптендіруді өткізу керек, - деп атап өтті Гүлмира Қалмұратова.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Халила Нұрғалиева еңбек нарығын түрлендіруге бағытталған Маңғыстау облысының даму тұжырымдамасын ұсынды.

- Таяу 2-3 жылдықта қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы құны 21,5 трлн.теңгеден астам және 22,7 мың жұмыс орны құрылатын 524-тен астам жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 131 жобаны, көлік және логистика саласында – 68 жобаны, туристік салада - 46 жобаны, ауыл шаруашылығында – 16 асам жобаны іске асыру жоспарлануда. Әрбір қала және аудан бойынша келешектегі бағыттар айқылдалды. Таяу жылдардағы басты даму нүктесі болып Ақтау қаласы, Құрық селосы, Форт-Шевченко қаласы белгіленді, деді ол.

- Маған мәселені шешу жолдары, басшылары өздеріңіз болып табылатын нақты жобалар керек. Әрбір блок бойынша іс-қимылдың барлық механизмі, жобалары, әлеуеті, жұмыс орны жазылып көрсетілуі тиіс. Мысалға, агроөнеркәсіп кешенін алып, оның барлық әлеуетін көрсетеміз. АӨК үлесінің ішкі үдемелі өнімінің көлемі нөлдік мәнінде 0,5% болады. Ауыл шаруашылығын жандандыру мәселесін шешу үшін бізге не қажет? Ұңғымаға қаражат керек пе? Мал басын көбейтуге қаржыландыру қажет пе? Осы мәселелерді және оны шешу жолдарын көрсетулеріңіз керек. Барлық қала және аудан әкімдеріне бекіністік ауылшаруашылық кооперативтерін ашуды тапсырамын, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов.

Сонымен қатар, облыстағы туризмнің даму, ақпараттық-туристік орталық құру мәселесі талқыланды. Аймақ басшысы туризм басқармасына құрамы киелі жерлер, теңіз, сауықтыру және балалар туризмінен тұратын туристік әлеуеттің дамуы кешенді тұжырымдамасын жасақтау жөнінде тапсырма берді.

Сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Альтаир Ахметов мемлекеттік қызметкерлер үшін Академияда білім алу мүмкіндігінің таныстырылымын өткізді.

Жиынға қатысушылармен Үкімет тапсырмасының уақытылы орындалу мәселесі, облыс әкімдігі бірқатар қаулыларының жобалары қарастырылды. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

АҚТАУ