«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Субсидиялаудан кейін ақырғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 10 % -ды құрауы тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі төмендеген кезде субсидиялар мөлшері жаңадан берілетін қарыздар бойынша қысқартылады, сонымен қатар азаматтарға 5 пайыздық жылдық үстемемен несие ұсына алады.
Субсидиялау 10 жылға дейін 30% алғашқы жарна көлемі төмендетіліп беріледі. Бағдарлама аясында субсидиялар сомасын шектеу қойылды. Алматы мен Астанадағы субсидияланған несиенің максимум бағасы -20 млн теңгені құраса, облыстарда -15 млн теңгені құрайды.
«Нұрлы жер» бағдарламасы ипотекалық нарықтың жандануына бағытталған,-дейді ҚИК төрағасы Әділ Мұхамеджанов. Бүгінгі таңда тұрғын үй сатып алуға банктердің тарифтері жоғары, мемлекетіміздің басты мақсаты – баспананы қолжетімді ету.
Қазіргі уақытта еліміздің банктерімен осы бағдарламаға қатысты келіссөздер жүргізілуде. Бір жағынан ҚИК дәл қазіргі уақытта 7 банкпен – «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі» АҚ. «ТенгриБанк» АҚ келіссөзге қол қойды.
Лунара Аманғалиева