Құмар Іргебайұлы мектеп оқушылары дайындаған қолданбалы қолөнер бұйымдары көрмесін, робототехника үйірмесіне қатысушылардың табыстарын тамашалады. Ұлттық киімдер тігумен айналысып жүрген Жұлдызай Нұрышеваның киім үлгілерімен танысты.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан–2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында жаңа форматтағы адамдарды қалыптастыруды алғы міндет етіп қойды. Облыста еңбегімен танылып жүрген жастарды қоғамдық, саяси мірге белсене аралсуды шақырамын ”, деді аймақ басшысы.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жастар үшін маңыздылығын, облыстан жүзге жуық еріктілердің қатыастынын атап өтті. Облыс орталығында барлық талаптарға сай келетін оқушылар сарайы салынатынын жеткізді.
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Жанат Жақиянов Президент саясатына қолдау білдірсе,Қытайдан келіп М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Foundation” факультетінде білім алып жүрген қазақ жігіті Жасар Нұрданбекұлы өзінің атажұртының топырағына табаны тигенін мақтанышпен айтты. Оның әр сөзінен туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі сезіліп, жастарға ерекше әсер берді. Мағжан Жұмабаев ауданындағы Октябрь орта мектебі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әсемгүл Жұмабаева бірнеше тілді еркін меңгергенін және өскелең ұрпақты осы рухта тәрбиелеп жүргенін жеткізді.
“Гид ЭКСПО – 2017” тақырыбына жедел қосымша дайындап шығарған студент Нұржан Төлегеннің жобасы зор қызығушылық тудырды.
Өмір Есқали.
«Егемен Қазақстан».