Президент • 30 Мамыр, 2017

Транзиттік әлеуетті нығайту көзделуде

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысы бірқатар Төтенше және өкілетті елшілерден Сенім грамоталарын қабылдау барысында сөйлеген сөзінде қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету, еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалану жұмысының нәтижесіне тоқталып, шетелдік бизнес өкілдерінің Қазақстандағы жобаларды іске асыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Транзиттік әлеуетті нығайту көзделуде

«Еліміз шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастыққа баса назар аударуда. Қазақстанда бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін жүйелі іс-шаралар атқарылып келеді. Инвесторларға түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Сондықтан, өз елдеріңіздегі бизнесмендерге Қазақстанға келіп, жұмыс істеу қолайлы әрі пайдалы екенін түсіндірерсіздер деп ойлаймын. Олар үшін «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі. 

Бұған қоса, инвесторлармен жұмыс істейтін «Қазақинвест» деген ұлттық компания құрылды. Сонымен қатар, «Қазақэкспорт» атты ұлттық компания экспортқа шығатын ұлттық тауарларды қолдайтын болады. Біздің еліміз арқылы Азия мен Еуропаны жалғайтын төте жолдар, автокөлік, темір жолдары өтеді. Бұл орайда, Қазақстан үлкен транзиттік мемлекет болғалы тұр. «Нұрлы жол» бағдарламасы, инфрақұрылым міне, осыған бағытталған. Біздің осы бастамамыз Еуразия кеңістігіндегі басқа инфрақұрылымдық ұштасып жатыр. Ол ортақ континентіміздегі өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға бағытталған. Қазір Қазақстанда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы алынып, ауқымды жекешелендіру науқаны жүріп жатыр. Сіздердің елдеріңіздің кәсіпкерлері осындай маңызды жобаларымызға атсалысады деп ойлаймыз. Мысалы, Тынық мұхиттың жағасындағы Ляньюньган портынан шығатын контейнерлер Қытай-Қазақстан- Ресей арқылы Еуропаға 15 тәулікте жетеді. Ол бойынша қазірдің өзінде 1200 контейнер жүріп жатыр. 2020 жылға дейін бұдан 2 жарым есе өседі деп біз жоспарлап отырмыз», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар