Әлем • 30 Мамыр, 2017

Өзбекстанда GTA ойынына тыйым салынды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан 34 түрлі компьютерлік ойындардың импортына және мемлекет арқылы тасымалдануына тыйым салды. Тізімге әлемге танымал Grand Theft Auto, The Sims, Call of Duty: Black Ops, Silent Hill, Resident Evil, Mortal Kombat, Doom секілді ойындар енген, деп жазады ВВС.

Өзбекстанда GTA ойынына тыйым салынды

Өзбекстан билігінің айтуынша, бұл ойындар қатыгездікті, порнографияны насихаттап, қауіпсіздікке, әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа қауіп төндіріп, азаматтық бейбітшілік пен дінаралық байланысты бұзуы мүмкін. Үкімет мүшелерінің айтуынша, бұл ойындар Өзбекстан туралы жалған ақпарат таратып, оның тарихи, мәдени, рухани құндылықтарын бұрмалап көрсетеді.

Өзбекстанның әлеуметтік желілерінде бұл шешімге қатысты әртүрлі пікір жазылды. Көпшілігі мемлекетте одан да маңызды экономикалық, әлеуметтік проблемалар көп екенін айтып, бар күшті соларды шешуге жұмсау керектігін айтуда. Сонымен қатар ойындар жастарға кері әсерін тигізеді деген оймен келісетіндер де табылды. 

Бір айта кетерлігі, тыйым салынған ойындардың көпшілігі интернет-кафелерде онлайн түрде қолжетімді. Сондай-ақ нарықта олардың пиратты көшірмелері де кең тарап кеткен.