Аймақтар • 31 Мамыр, 2017

ОҚО-да ауыл шаруашылығы кооперативтер көбейіп келеді

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысында 50 мың ұсақ шаруашылық мүшелерінен құралған 438 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев әкімдікте өткен мәжілісте айтты.

ОҚО-да ауыл шаруашылығы кооперативтер көбейіп келеді

«Еліміздің Ауыл шаруашылығы, Әлеуметтік даму министрлігі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы «Үш жақты» индикативті көрсеткіштер жөнінде бекітілген іс-шаралар шеңберінде биылға тағы да 75 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бұл мақсатқа 6,8 млрд теңге қаражат бөлінеді», деді облыс әкімі.

Фермерлерді несиелендіру үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағытымен 3,2 млрд теңге, «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ 1,9 млрд теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 1,3 млрд теңге бөлінетін болады.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»