Аймақтар • 31 Мамыр, 2017

ОҚО-да «Болашағын ойлаған ел бөбегін аялайды» атты шара өтті

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1 маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Болашағын ойлаған ел бөбегін аялайды» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

ОҚО-да «Болашағын ойлаған ел бөбегін аялайды» атты шара өтті

Мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы дастарқан жайылып, сыйлықтар үлестірілді.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбеков, аудан әкімі аппаратының басшысы А.Оралбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әбдіқайымұлы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы М.Зәйтүнқызы, аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы А.Рахиева, зейнеткер З.Әбішева бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

Ордабасы ауданында 111 мүгедек бала есепке алынып, оларға 22 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде

Мерекелік жиынға бүлдіршіндер де құр қол келмеген. Олар ән айтып, сурет салып, өнерлерін ортаға салды.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»