«1982 жылы дүниеге келген бірінің басын, ал 1991 жылы дүниеге келген екіншісінің аяғын терезе әйнегінің сынықтары жарақаттаған. Оларға медициналық көмек көрсетті және қазір қауіпсіз жерде. Екі азаматпен де қазақстандық дипломаттар тұрақты байланысқа шығып, қажетті көмек беруде. Жарылыс салдарынан Қазақстанның Кабулдағы Елшілігіне де зақым келіп, терезелері сынған. Оқиға Елшіліктен 1,5-2 шақырым жерде болған. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар зардап шеккен өзге де қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда. Қала жабық. Ауғанстан астанасында жүрген барлық отандастарымызға қалада қауіпсіздік шараларын сақтауды, өздерінің жағдайларын туыстарына ескертіп, қажет болған жағдайда Ауғанстандағы Қазақстанның консулымен мына «қауырт желі» телефон нөмірімен +93-747- 250-343 (WhatsApp) хабарласуды өтінеміз», деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі.
Айта кетейік, Бүгін таңертең Ауғанстан астанасы Кабулде болған жойқын жарылыс салдарынан 50-ге жуық адам опат болып тауып, 150-ге жуығы жарақат алды