Аймақтар • 01 Маусым, 2017

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде апатты жағдай болды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 мамыр күні Атырау облысындағы Теңіз кенішінде апатты жағдай болды. «Теңізшевройл» компаниясына қарасты зауытта құбырлардан шыққан зиянды заттар ауаға тарап, халықтың алаңдаушылығын туғызды.

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде апатты жағдай болды

Кен өндіру орнында төтенше жағдай жарияланды, жұмысшылар қауіпсіз жерге жеткізіліп, жұмыс уақытша тоқтатылды. 31 мамырда облыстық экология департаменті оқиға орнында тексеру жұмыстарын бастады.

 «Теңізшевройл» ЖШС осы жағдай бойынша брифинг өткізіп, түсінік берді. ҚР Энергетика министрлігі Экологияны реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Азамат Әлімбаевтың айтуынша, әзірге атылған газ көлемі белгісіз.  Тексеру аяқталған соң газ көлемін негізге алып, шығын анықталады. Ал апаттың басты себебі – электр энергиясының кенеттен өшуі болып отыр. ТШО-ның өндіріс бойынша бас менеджері Имир Боннер «Зауыт аумағында ауаға тараған күкірт аралас газ зиянды емес» деп мәлімдеді. Өндіріс орнындағы күнделікті ауа тексеретін мониторинг нәтижелері газды қауіпсіз деп көрсеткен. Алайда, жергілікті эколог мамандар шетелдік компания өкілінің бұл жауабына келіспейді. «Қандай газ жағылса да,  ауаға тасталатын ластағыш заттар зиянсыз болмайды»-дейді облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан Қапанов. Тексерудің нақты нәтижесі бір айдан кейін белгілі болады.

Бақытгүл Бабаш,

«Егемен Қазақстан».

Атырау.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20