ЭКСПО-2017 • 02 Маусым, 2017

«Астана Опера» театры ЭКСПО-2017 көрмесіне арнайы бағдарлама ұсынбақ

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана Опера» театры ЭКСПО-2017 көрмесіне орай арнайы әзірлеген туындыларын көрермен назарына ұсынбақ. Арнайы бағдарлама шымылдығы 11 маусым күні «Абай» операсымен ашылады.

«Астана Опера» театры ЭКСПО-2017 көрмесіне арнайы бағдарлама ұсынбақ

Операның дирижерлік тізгіні маэстро Алан Бөрібаевтың қо­лын­­да болса, қоюшы ре­жи­с­сері – белгілі италиялық өнер тар­ланы Джанкарло дель Мо­нако. Спектакльдің сценографы – Эцио Фриджерио. Кос­тю­мер суретшісі – «Оскар» сый­лығының иегері Франка Скуарчапино. Қоюшы хоре­о­графтар – Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткерлері Тұр­сын­бек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаева. 
«Біз бұл шығарманы  кез­дей­соқ таңдаған жоқпыз, – дейді  «Астана Опера» театрының ди­­рек­­­торы Ғалым Ахмедьяров. – Өйткені, бұл біздің ұлттық өне­ріміздің бірегей туындысы, сон­дықтан да, спектакль көрер­мен көңілінен шығады деген үміт зор». 
Аталмыш театрдың бас ди­рижері Алан Бөрібаевтың пі­к­і­­рінше, «Абай» операсы әр ке­­­зеңдерге лайықталып жа­зыл­­ған ұлы музыкалық шы­ғар­­ма­­­лардың бірі болып табылады әрі орын­дау­шылардың биік тал­­­­ға­мы­на та­титын ерекше туын­ды. 
Операның басты рөлдерін отандық әртістер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин мен Дина Хамзина және  Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі, опера прима­сы Майра Мұхамедқызы, ха­лық­­аралық байқаулардың лауре­аты Мейір Бәйнеш орындаса, ке­­лесі бір рөлге армениялық та­­ны­мал әртіс Барсег Туманян ша­­қы­рылып отыр. 

Азамат Мәуленұлы,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті