Әдебиет • 02 Маусым, 2017

Ой тамшылар шиырлайды санамды...

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұңның шыңырауында шат­тық сықылықтайды. 

Ой тамшылар шиырлайды санамды...

Қазақтың басы – Абай, жүрегі – Мұқағали. Бұл – аксиома! 
* * *
Әлемде жүректі зерттеп зерделеген жалғыз-ақ ғалым бар. Ол – Мұқағали Мақатаев!
* * *
Біздің халқымыз бейбіт өмір­ге шөлдеп туған. Әлі де шөлдеп ке­леміз. Мәңгілік шөлдей береміз. 
* * *
Мұхаммед с.ә.с Пайғамбардан қалған өсиет бар: «Бүлік шыққан жерге жоламаңдар». Себебі, онда сасық иіс бар. Дөкір иіс қанды бұзады, ақыл-есті тұмшалап, жүректі қабады. 
* * *
Ұлылық кішіреюден басталады. 
* * *
Ренжімеңіздер! Ерсілеу сөз, әрине. Заман күйлейді. Содан да мың-мың құбылады. Қазіргінің за­маны – қысқа да нұсқа. Сан емес, сапа. 
* * *
Кеш − ескілік. Таң – жаңалық. Түс – құбылу. 
* * *
Ақылға сыймаған жүрекке сияды. 
* * *
Өзіңді өзгелер жұтып қоймас үшін өзіңді өзің жеуді үйрен. 
* * *
Ұлылар ылғи да көлеңкені сая­­лай береді. Ал даңғойлар бол­са жарыққа ұмтылумен бола­ды. Се­бебі, ұлылардың іші – жап-жа­рық, даңғойлардың іші – қа­раң­ғы. 
* * *
Сөздің құдіреті: «Құдайдан қо­рық­пағаннан қорық». 
* * *
Жаны бұзық бір басқа. Қаны бұзық бір басқа. Жаны бұзық бас­тауына қайтып оралады, ал қаны бұзық келмеске кетеді. Қаны бұзықтардан сақтану керек. 

Сағат ЫРЫС-ДӘУЛЕТ