Қазақстан • 02 Маусым, 2017

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, соның салдарынан күн ашық болады. Тек елдің батысы мен солтүстік батысы ғана фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты кей аймақтарда ауа райы тұрақсыз болуы ықтимал. Яғни жаубыр жауып, жел күшейіп, күндіз бұршақ түсуі де мүмкін.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік батысының кей жерлерінде түнде және күндіз тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының бірқатар аймақтарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін, күндіз және түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

лдағы тәуліктерде елдің таулы алқаптарындағы өзендерде судың көлемі өзгеруі мүмкін. Орал өзенінде судың деңгейі көтеріледі.