Президент • 02 Маусым, 2017

Елбасы Түрік Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Түрік Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тұғрұл Түркешпен кездесті, деп хабарлайды akorda.kz.

Елбасы Түрік Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесті

Кездесуде Қазақстан Президенті Түркияның бізге жақын әрі ағайын елдердің бірі екенін атап өтті.   

– Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде біздің  өзара қарым-қатынасымыз барлық бағыт бойынша ілгерілеп, дамып келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Т.Түркеш өзін қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді.

– Түрік Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастардың тамыры тереңде. Қазақстанның халықаралық ұйымдар қызметіне, әсіресе, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде белсене қатысуы Түркия үшін маңызды, – деді Түркия Премьер-Министрінің орынбасары.