Басқосуда барлық талаптарға сай келетін балаларға арналған оқушылар сарайы бой көтеретіні белгілі болды.
«Оқушылар мектеп қабырғасынан бастап сапалы білім, саналы тәрбие алумен бірге түрлі танымдық-пайдалы, кәсіптік бағдар беру істерімен, нанотехнология, биотехнология, медициналық технология, роботехника, тағы басқа заманауи озық үлгілермен шындап айналыса алады. Олардың ынта-жігерлеріне қолдау жасау–біздің міндетіміз», деді Құмар Іргебайұлы.
Аймақ басшысы ескі саябақ жаңғыртылып, жаңалатынын да жеткізді. Жастарды жобалау жұмыстарына белсенділікпен қатысуға шақырды.
«Мұнда спорттық жаттығу құрылғылары, ойын-сауық орындары, демалыс аймағы қарастырылатын болады», деді Қ. Ақсақалов.
Сонымен қатар өз ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлерге жағдай жасау, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің студенттеріне қамқорлықты күшейту, озық бастамалара қолдау көрсету, «ерпін» бағдарламасы бойынша оқып жатқан түлектердің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу мәселелеріне де тоқталды.
Өмір Есқали.
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы.