Аймақтар • 05 Маусым, 2017

Павлодарда Мемлекеттік рәміздер мерекесі өтті

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстың ауыл, қалаларында «Менің Қазақстаным» атты мерекелік салтанатты шара барысында облыс орталығындағы Рәміздер алаңында 25 жасөспірімге жеке куәлік табысталды.

Павлодарда Мемлекеттік рәміздер мерекесі өтті

Қолдарына жеке куәліктерін алған жас қыз-жігіттер «Әлемдегі ең әдемі Ту біздің еліміздің көк туы. Сондықтан біз, Көк туымызға құрметпен қарап, сақтауымыз қажет» деген қуанышты тілектерін білдірді. Сонымен бірге Мемлекеттік рәміздер күніне арналған 5-ші облыстық «Ту ұстаушылар байқауы» болып өтті. Өңірлік дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық оқу-тәжірибелік орталығы хабарынша, қала мен аудандардан келген 14 команда қатысты. Мақсаты - жастардың патриоттық сезімін арттыру, аудандар мен қалалардағы жастардың мерекеге дайындығын тексеру, рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Рәміздер күні Шарбақты ауданында да рәміздер күні патриоттық мерекеге арналды. 

Аудан жастары вело жарысқа шықты. Көк ту көтеріп, аудан орталығындағы алаңда патриоттық шеру жасап, Отан, туған жер жайлы әндер шырқады. 

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар