Президент • 05 Маусым, 2017

Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовке ЭКСПО кезінде қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовке ЭКСПО кезінде қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі және осы кезеңде өтетін ауқымды халықаралық іс-шаралар аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін  толық бақылауға алу қажеттігін атап өтті.