Қазақстан • 05 Маусым, 2017

Ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын 12 автожол салынады

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Бахтияр Мәкеннің айтуынша, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде жалпы ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын 12 автожол салынады.

Ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын 12 автожол салынады

Ұзындығы 125 шақырым болатын 2 теміржол жобасы «Құрық» портындағы паром өткелінің құрылысы басталады.

Осы мақсатта 6 трлн теңге қарастырылған. Оның басым бөлігі инвестициялар болса, 15%-ы мемлекеттік бюджеттен бөлінген.

Айта кетейік, бүгінде жол бойында ұзынсаны 2 мың қызмет көрсету нысаны бар.