Қазақстан • 06 Маусым, 2017

Қытай төрағасының кітабы қазақ тілінде басылды

443 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қ­ытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сының Төрағасы Си Цзи­ньпиннің «Ел бас­қару жө­нінде» атты кі­та­бы қа­зақ тіліне аудары­лып, оқыр­ман қауымға ұсы­нылды.

Қытай төрағасының кітабы қазақ тілінде басылды

Қытай басшысының аталмыш кітабы 2014 жылы жарыққа шыққан. Содан бері әлемнің 20 шақты тіліне аударылып, 6 миллионнан аса данамен жарық көр­ген таңдаулы еңбектердің қа­тарына енді. Қазақ тіліндегі нұс­қасы елордадағы «Фолиант» бас­пасынан жарық көрді. Кітаптың таныстырылымы Қазақстан Рес­публикасының Тұң­ғ­ыш Пре­з­и­денті – Елбасы кі­тап­ха­на­сын­да өт­ті. Ресми шараға Қа­зақ­стан мен Қытай тарапынан лауазымды қонақтар қатысты.

Кітаптың тұсаукесер рәсімі ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің  Астанаға ресми са­парына орай ұй­ым­дас­тырылды. Ша­рада ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхой екі тараптың да 25 жыл ішінде жақсы же­тіс­тік­тер­ге қол жеткізгенін баяндады.

Ал, Қазақстан Президенті Кеңсесі жетекшісінің орынбасары Бақытжан Темірболат «Ел басқару жөнінде» атты кі­таптың мазмұнымен таныс­тыр­ды. Оның айтуынша, Қытай Халық Республикасының Төра­ға­сы Си Цзиньпиннің «Ел бас­қа­ру жөнінде» деп аталатын кітабы 18 тараудан тұрады. Онда Қытай үлгісіндегі социализ­мге табанды болу және оны да­мыту, Жұңхуа ұлтының ұлы гүл­­д­енуі сынды қытай арманын жү­зеге асыру, реформалар­ды жан-жақты жетілдіру, Қы­тайды заң­мен басқару арқылы өр­кенд­ету, экологиялық өрке­ни­ет­ті көр­кейту, т.б идеялар бас­шы­лық­­қа алынған.

− Кітаптың қазақ тіліне аударылуы Мемлекет басшысының үздік заманауи әдебиеттерді қазақ тіліне тәржімалау туралы тапсырмасына сәйкесіп тұр. Сондай-ақ, елімізде жүргізіліп жатқан Үшінші жаңғырту аясында кітап үлкен сұранысқа ие болады деп есептеймін, – деді шарада сөз алған Тұңғыш Президент – Елбасы қоры жанындағы Әлем­дік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев. Ол сондай-ақ, осы еңбекте Си Цзиньпиннің саяси философиясы, Қытай Ха­лық Республикасының ішкі жә­не сыртқы саясаты дамуы­ның не­гіз­гі стратегиялық ба­ғыт­­тары анық­та­лып жазылғанын атап өтті.

ҚХР Мемлекеттік кеңесі Бас­пасөз кеңсесінің жаһандық ком­муникация бюросы дирек­то­рының орынбасары Туо Жень кітапты өзі қызмет ететін ме­кеменің құрастырғанын, ал, ҚХР азшылық ұлттар баспа үйі қазақ тіліне аударғанын айта келе, кітапқа Қытай басшысының 70-тен астам негізгі мақалалары, баяндамалары, лекциялары, түрлі шараларда сөйлеген сөздері мен 40-тан астам фотосурет топтастырылғанын жеткізді.

Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан»               

Суретті түсірген

Ерлан ОМАРОВ,
​​​​​​​«Егемен Қазақстан»