Қазақстан • 06 Маусым, 2017

Қазақстан мен Қытай бірлесіп кино түсіруі мүмкін

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана халықаралық ЭКСПО көрмесінде Қытайдың негізгі павильонының қасында қосымша тағы бір «Қытай асханасы мен мәдениеті» павильоны ашылады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Қазақстан мен Қытай бірлесіп кино түсіруі мүмкін

Екі қабатты 1700 шаршы метрлік аумақты алып жатқан павильонның бірінші қабатында қытайлық үздік тіскебасар брендтің дәмін татып, сатып алуға болады. Ал екінші қабатында көрші елдің 20 аймағынан келген қатысушылар әр өңірге тән қытай асханасының мәдениетін таныстырады. Осы жерде компаниялар келіссөз жүргізіп, өзара келісімшарқа қол қоюына мүмкіндік бар. Осы туралы Қытайдың қосымша павильонының құрметті төрағасы, белгілі жазушы, Қытай Халықтық саяси кеңесінің мүшесі Әкпар Мәжит айтты.

Бұдан бөлек 7-18 маусым аралығында қытай киносының фестивалі өтеді. ЭКСПО-ны тамашалай келген көрерменге ең таңдаулы 6 кино ұсынылады. Соның ішінде Джеки Чан басты рөлде ойнаған Үндістан мен Қытайдың бірлесіп түсірген «Кунг-фу йога» туындысы. Оның айтуынша, келешекте екі ел арасында халықаралық кинофестиваль өткізу дәстүрге айналмақ. Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай бірлесіп кино түсіруді жоспарлап отыр.

«Биылдан бастап, Қазақстан-Жуңгуо арасындағы киномерекесін өткізгелі жатырмыз. Батырлар тақырыбында болмақ. Келер жылы біз жақта өтеді. «Бір белдеу, бір жол» бойында тек сауда, өнеркәсіп болып, мәдениет ауыс-күйіс болмаса, халық пен халықтың арасы жақындаспайды ғой. Халық пен халықты жалғастыру үшін мәдениет жүру керек», деді Әкпар Мәжит.