ЭСКПО-ға келетін шетел туристері Астананың әуежайлар мен теміржол вокзалдарында қонақ үйлердегі, жатақханалардағы, хостельдердегі бос орындар мен бағасы туралы біле алады, деп мәлімдеді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.
- Ұшып келген соң ақпараттық дүңгіршіктері арқылы қонақ үйден алдын ала орын ала алады. Онда ағылшын тілінде қызмет көрсетеді. Бұл қауіпсіз әрі бағасы да нақты белгіленген. Жалға беру құнын біз қадағалап отырамыз. Біз бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін белгілі бағалармен пәтерлер пулын құрған болатынбыз. Яғни арзандатылған баға ұсынылса, қымбат баға екінші кезекте қаралады. Біз барынша бағаның қалыптасуын тек нарық әдісімен реттедік, - деді М.Бектұрова
Елорда билігі туристерге қонақ үйлердегі бағалар мен бос орындар туралы арнайы қосымшаларды пайдалануға кеңес береді.
Халықаралық мамандандандырылған ЭКСПО көрмесі 10 маусым күні жұмысын бастайды.
Бүгінгі күнге дейін көрмеге 1 миллионнан астам билет сатылған.