Аймақтар • 07 Маусым, 2017

Рәміздерге құрмет – Отанға құрмет

295 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маңғыстауда мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арнап ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным!» атты патриоттық форумнан тұрғындардың, әсіресе, жастардың отансүйгіштік сезімі, мемлекеттік құндылықтарға деген ерекше құрметі көрініп тұрды.

Рәміздерге құрмет – Отанға құрмет

Теңіз жағасындағы сахнада мереке басталмастан бұрын-ақ патриоттық бағыттағы саз ойнап, жұртшылықтың көңілін әсерлі күйге бөледі. Рәміздер алаңынан байкерлердің жүріп өтуімен басталған форум теңіз жағасында жалғасты. Форумға байкерлер мен велосипедшілер топтары, жас белсенділер мен Ақтау гарнизонының әскери қызметкерлері, этномәдени бірлестік өкілдері, жалпы білім беретін мекемелер оқушылары мен мұғалімдері, студенттер, денсаулық сақтау саласы қыз­меткерлері, спортшылар, кәсіп­орындар жұмысшылары, мемлекеттік қызметкерлер мен саяси партиялар белсенділері, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен құралған 4 мыңнан астам адам қатысты. 
Шара «Туым – намы­сым, ұраным – бірлік, рәміз­дерім – мақ­танышым» атты театр­лан­ды­рылған прологпен басталды. Әс­керилер құрметпен рәміздерді, я­ғни Ту мен Елтаңбаны алып өтті. Теңіз жағасындағы мыңдаған адам Әнұранды әуелете шырқаса, өнерпаздар мен әскерилер «Қа­зақстан» флеш-мобын өткізді. 
26 жыл бұрын біз егемендікке қол жеткізіп, дүниежүзіне тәуел­сіз­дігімізді паш еттік. Бұл – ата-бабаларымыздың арманы, елі­міздің көптен күткен үміті ақ­талып, азаттықтың туын желбі­рет­кен қасиетті күн. Тәуелсіз­діктің ақ таңын алғаш рет Ел­басының Жарлығымен бекіткен мемлекетіміздің бетке ұстар бедел­ді бейнесі – рәміздерімізбен қарсы алдық. Туған жерге деген отаншылдық идеясын қа­лып­тастырып, бірлігіміз бен ын­тымағымызды нығайтатын мем­лекеттік рәміздердің мерейлі мере­кесін жыл сайын атап өту дәс­түрге айналды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер», деген болатын. 
Отан – ыстық ұя, қасиетті мекен. Сондықтан да оны қастерлеп, әрбір қазақстандық мақтан етеді. Өйткені, Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз – Қазақ елінің болмысын, бүгіні мен ертеңін сабақтастырып, елдің еңсесін көтеретін елдігіміздің ең басты абыройы. 
Біз бүгінде тәуелсіздігімізді тұғырына қондырып, Қазақстан мемлекетін құрып әлемдегі ба­қытты халықтардың бірі болдық. Зор еңбекпен, маңдай термен келген байлығымызды қолдан шы­ғарып алмай, ұрпақтан ұрпаққа табыстау – біздің адал парызымыз, деді Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов. 
Маңғыстаулықтарды мерекемен Маңғыстау облысының «Құрметті азаматы» Қ.Ережепов, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек Ері С.Ақшолақов құттық­тап, елдің амандығына, заманының тыныштығына, тәуелсіздіктің беріктігі мен ұрпақтың бақытты болуына тілектерін арнады. 
Форумда өз қызметтерінде аза­маттық ерлік көрсеткен тұлға­ларға облыс әкімінің Алғыс хат­тары мен Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месінің билеті табысталды. Мұн­дай сый-сияпат әр сала бойынша іріктелген 22 адамға бұйырды. 
Көк теңіз жағасын әдемі кө­рініс пен әсерлі сәтке бөлеген ша­ра маңғыстаулықтардың мем­ле­кеттік рәміздерге деген ықы­ласын таныта түсті.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан» 

Маңғыстау облысы

Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ