Әлем • 07 Маусым, 2017

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев бірнеше маңызды ауыс-түйіс жасады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ислам Кәрімов тұсында аса ықпалды шенеуніктердің бірі болған Рустам Әзімов премьер-министр орынбасарыы қызметінен босатылды.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев бірнеше маңызды ауыс-түйіс жасады

Өзбекстан Президенті жарлығымен Рустам Әзімов «Өзбекинвест» экспорт-импорт ұлттық сақтандыру компаниясының басшысы болып тағайындалды. 

Ал Өзбекстан Орталық банкі басшысы болып бұрынғы Қаржы министрі Мамаризо Нұрмұратов тағайындалды. Экономикалық реформалар және бюджет бойынша сенат комитетінің төрағасы болған ол 2006-2017 жылдар аралығында Орталық банк төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін орталық банкті 1991 жылдан бері басқарған Файзулла Муллажанов 67 жасқа қараған шағында мамыр айының соңында қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар