Жиынға Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму, Энергетика, Сыртқы істер министрліктерінің, «KAZAKH INVEST» ҰК», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстан мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация қатысты. Еліміздің делегациясын Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов бастап барды.
Жиында сауда, көлік, туризм, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялар, инвестициялар, шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы, исламдық қаржыландыру салаларына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Отырыс барысында сөз сөйлеген Р.Дәленов шағын және орта кәсіпкерлік, сауда, туризм салаларындағы малайзиялық тәжірибе Қазақстан үшін мейлінше қызығушылық тудыратынын жеткізді. Сондай-ақ, ол Қазақстанның «халал-өндірушілер» жаһандық тізбегіне қосылу перспективасы туралы әңгімелей келіп, Малайзияның әлемдегі ірі халал-индустрия хабтарының бірі ретіндегі ауқымды тәжірибесін атап өтті. Сонымен бірге, Қазақстанда туристік қызметті мемлекеттік қолдаудың анағұрлым тиімді шаралары енгізілгені, ол Қазақстандағы басым салалардың бірі ретінде белгіленіп отырғаны сөз болды.
Отырыс шеңберінде бірнеше бағыттағы ынтымақтастық бойынша жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұдан бөлек, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары белгіленген хаттамаға қол қойылды.
Сонымен қатар, сапар аясында «Қазақстан Республикасының бизнестегі жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында бизнес-форум ұйымдастырылып, оған екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топ өкілдері қатысты.
Айта кетейік, 2016 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 82,9 млн АҚШ доллары болыпты. Соңғы 11 жыл ішінде (2005 − 2016 ж.ж.) Малайзиядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 28,2 млн АҚШ долларын, ал Малайзия экономикасына Қазақстан тарапынан құйылған инвестициялар 3,0 млн АҚШ долларын құраған.
Жуырда Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) Қазақстан-Малайзия бірлескен сауда-экономикалық комитетінің 3-отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше