Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған шараны Қазақстанның Нидерландтағы елшілігі мен осы елдегі саяси және іскер топтар арасында өзіндік беделі бар Sociëteit De Witte клубы бірлесе ұйымдастырды.
Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Ілиясов қазіргі таңдағы өзекті саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді назарға ала отырып, дөңгелек үстелге қатысушыларды елдегі жүзеге асырылу үстіндегі реформалардың басымдықтары мен мақсаттары туралы толыққанды таныстырып өтті.
М.Ілиясов Қазақстан-Нидерланд ынтымақтастығын сапалы түрде нығайтуға мүмкіндік ашып отырған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бағдарламасын іске асыру үрдісіне айрықша тоқталды. Атап айтқанда, жиын барысында ауыл шаруашылығы, IT-технологиялар, көлік-логистика, 3D-принтинг салаларындағы екіжақты іс-қимылды дамыту мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.
Қазақстанның бастамаларын таныстыруға мүмкіндік берген дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Үкіметінің шетел инвесторларына жасап отырған құқықтық кепілдемелерін, жеңілдіктер мен преференциялар жасау, шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың жұмысын ынталандыруға бағытталған әрекеттерін жоғары бағалады. Пікір алмасу аясында Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері атап өтіліп, рухани жаңғыру жолында жүзеге асырылу үстіндегі мемлекеттік реформалар оң бағаға ие болды.
Гаага қаласындағы Sociëteit De Witte саяси клубында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы мақсат-міндеттерді түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өтті.
Түрлі-түсті металдар бойынша 60 перспективалы учаске анықталған
Қазақстан • Бүгін, 15:19
Екібастұзда оқушы жылу құбырынан аққан суға күйіп қалған
Оқиға • Бүгін, 15:02
Астанада сырғанақтар мен мұз айдындары ашылады
Елорда • Бүгін, 14:50
Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:48
Елімізде ең жоғары жалақы кімдерге ұсынылады
Қаржы • Бүгін, 14:10
Алматы облысында көлік салығынан жалтарғандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 13:34