Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары, ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры қатысты.
Кеңес барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде конструктивті пікір алмасу өтті. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін заманауи қауіп-қатер кезіндегі басым міндет өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау және нығайту болып табылатынын айта кеткен жөн. Отырысқа қатысушылар өткен жылғы ынтымақтастыққа талдау жасап, қорытындысын шығарды.
Одан басқа, ШЫҰ елдерінің қорғаныс ведомстволары арасында өзара іс-қимылды әрі қарайғы дамыту перспективалары қарастырылды. Оның қорытындысы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс минис-
трліктерінің ынтымақтастық жоспары бекітіліп, тарихи және мәдени мұраны зерделеу және сақтау аясында әскери ведомстволар арасындағы ниеттестік туралы хаттамаға қол қойылды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің келесі отырысы 2018 жылы Қытай Халық Республикасында өткізіледі деп жоспарлануда.
Әлисұлтан Құланбай,
«Егемен Қазақстан»