Фото: Ашық дереккөз
Облыстық прокуратураның мәліметінше, ауылдағы дүкен иелеріне түсіндіру жұмысы жүргізілген. Келіссөздерден кейін кәсіп иелері бұл шешімді бірауыздан қолдап, ішімдік сатуды өз еркімен тоқтатуға келісті.
Қабырға ауылында 214 тұрғын бар екен. Бастамаға ауыл тұрғындары қолдау білдірді. Сауалнама қатысушылардың барлығы ауылда алкогольді өнімдерді сатуға тыйым салуды қолдайтынын анықтады.
Бастама толығымен жүзеге асқан алғашқы ауылдық округтердің бірі – осы Қабырға ауылы болды. Аудан прокурорымен жеке кездесуде ауылдың тұрғындары шешімді қолдайтындықтарын жеткізді. Соңғы 3 жылда ауылда ішімдік ішуге қатысты бірде-бір қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық тіркелмеген екен.