Тау басына өрмелеген танымал спортшымен кездесуге еліміздегі альпинизм шеберлері ғана емес, әуесқойлар да ынтық. Себебі біреу – Мақсұт Жұмаев – әлемнің сегіз мың метрлік барлық 14 шыңын бағындырған алғашқы қазақ!
Айтқандай, альпинист жуырда ғана оралған Карстенс пирамидасының биігіне шеккен саяхаты мен (Puncak Jaya шыңы, Жаңа Гвинея аралы, 4884 м, Мұхит аралдарының жоғары нүктесі, наурыз 2017) «Үстірт құпиясы» (аттас үстірт, Батыс Қазақстан, мамыр 2017) сапарының әсерлері туралы әңгімеледі.
Мақсұттың айтуынша, альпинизм бейғамдық пен салғырттықты көтермейді. «Шыңға шығып бара жатқанда, кез келген ұсақ-түйек кедергі келтіріп, нәтижесінде қиын жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Сол үшін дайындық барысында өте мұқият болған жөн. Мәліметтерді жолдау жылдамдығы жоғары байланысты таңдап, төмен температураға төзімді ықшам жабдықты алған дұрыс. Ең бастысы – батареяның қуат сыйымдылығы. Мынадай жағдайлар орын алуы мүмкін, сізге құтқарушыларды шақыру немесе дәрігерлермен кеңесу қажет болады. Ал телефоныңыздың қуаты таусылып қалған жағдайда, сенімді оператордың қызметіне жүгінген жөн», дейді.
Айнаш Есали,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ