Қаржы • 08 Маусым, 2017

Дубай халықаралық қаржы орталығы Сотының өкілдері АХҚО-ға келді

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) Сотының өкілдерімен кездесті.

Дубай халықаралық қаржы орталығы Сотының өкілдері АХҚО-ға келді

Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) Сотының өкілдері, дәлірегінде Сот Төрағасының орынбасары Дэвид Стил, Сот Али Ал Мадхани, Сот Тіркеушісі Марк Бир, Сот дауларды шешу Орталығының Консультанты Михаэла Корнелия АХҚО Соты мен Арбитраждық Орталығы концепциясын, үлгісімен таныстырды.

Елбасының бес институционалды реформаларын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бойынша ағылшын құқығы бойынша жұмыс істейтін Тәуелсіз Сот пен Халықаралық Арбитраждық Орталығын Дубай Халықаралық Қаржы Орталығының үлгісі бойынша құру көзделген.

Кездесу кезінде АХҚО-ның екі институтының 2018 жылдың қаңтарына дейін құрылуы бойынша концептуалдық және ұйымдастыру мәселелері талқыланды.