ЭКСПО-2017 • 08 Маусым, 2017

ЭКСПО кезінде Астанада азық-түлікке сұраныс 50%-ға дейін артады

130 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қала басшылығы Қазақстан астанасында өтетін халықаралық форум кезінде азық – түлік бағасының күрт өсуін болдырмау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа - орталығы.

ЭКСПО кезінде Астанада азық-түлікке сұраныс 50%-ға дейін артады

- Бізде бағаны қалыптастыру саласына мүмкіндігінше әсер ететін бірқатар нарықтық механизмдер бар. Атап айтқанда,сауда желілеріне және көтерме жеткізушілерге жеңілдікпен несие беру бойынша екі бағдарлама табысты жұмыс жасауда. Егер, екінші деңгейлі банктер оларға 16 – 18%-бен несие берсе, ал әкімдік несиені дәл сол банктер арқылы 7 – 8,5% -бен береді. Сәйкесінше, бұл тауардың нақты бағасына тұтынушылар үшін оң әсер етеді, - деп Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова хабарлады.

Бұдан бөлек, М.Бектұрова атап өткендей, жеңілдетілген несиелендіру түрі кәсіпкерлерге белгілі бір мерзім аралығында келісімшартқа енгізілген тауарлар сын көтермеу міндетін міндетін жүктейді.

-Біз баға мүлдем көтерілмейді деп айтпаймыз. Бірақ, біз бағаның күрт өсуі мен қасақана өсіру болмайтындығын жеткізгіміз келеді. Сонымен қатар, көтерілу үрдісін басып және бағаның сақталуын бір диапазонда ұстап, қаржыландырудың осындай түрін ұзақ мерзімге ұсынып отырмыз, - деді М.Бектұрова.

Бағаны ұстау мақсатында қолданылатын әкімдіктің басқа механизмі – азық – түлік қорын құрып, олардың жетткізілуін қамтамасыз ету.

-Біз барлық мүдделі ұйымдармен есептестік, соның ішінде ірі сауда желілерінің басшыларымен де, содан түйгеніміз - ЭКСПО өткізу кезінде өнімдерді атау реті бойынша тұтыну айтарлықтай 10-нан 50 пайызға өседі. Соның ішінде алкогольсіз сусындар. Сондықтан сәуірдің басынан-ақ өнімнің осы түрі бойынша және тағы басқа қатардағы өнімдерді тиеу жүргізілуде, - деп Астана әкімінің орынбасары жалғастырды.

Сонымен қатар, Бектұрова тұрғындар 10-15 пайыз арзан бағаға азық-түлік сатып ала алатын аймақтық өндірушілердің тұрақты жәрмеңкелері елордадағы баға тұрақтылығына оң әсер ететінін де атап өтті.

-Астанада ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуде кідіріс пен бөгеліс жоқ. Жазғы маусым басталды, осы аптаның өзінде жаңа маусымның төрт жүз тонна өнімі тиелді; Қазақстанның оңтүстік облыстары, сонымен бірге көрші елдерден де кесте бойынша барлық тапсырыстар келіп жатыр, - деп хабарлады М.Бектұрова.

Сондай-ақ, ол азық-түлік өнімдері бағасын елорда басшылығы үнемі бақылауда ұстап отырғанын анық жеткізді.

-Күнделікті бақылау жүргіземіз, егер қандай да бір тауарға жетіспеушілік болса, бірден қосымша тауар тиеуді бастаймыз. Менің ойымша, біз бағаның кенет өсуін, жасанды тапшылықты болдырмау үшін барлық тетікті пайдаландық» - деп қорытындылады Малика Бектұрова.